Бір жыл бойына әлемдік поп-жұлдыздардың талай қызығына куә болдық. Оның ішінде ажырасу мен некелесудің небір шырғалаңдары орын алды десеңізші?! Ендеше, бүгін солармен есеп айырысу керек..
Біздерді ең бірінші болып Кэти Перри мен Рассел Брэнд ренжітті. Екі жылдық отбасылық өмірден соң ажырасып, екі жаққа кетті де қалды. Әрине, алғашында көп уақытқа дейін Кэти өз-өзіне келе алмай жүрсе, Рассел өз шешіміне өкініп жүріп алды. Бәрібір де бір жақты намыс жібермесе, бір жақты...
Ал енді Хайди Клум мен Силаны ажырасып кетеді деп кім ойлаған?! Сегіз жылдық тәтті өмірден соң, үш баладан соң... Тіпті, сену мүмкін емес. Алайда, бәрін ұмытуға болады екен. Қазір Хайди жеке күзетшісінен махаббат тауып үлгеріпті. Және ұзағынан сүйіндіре бермек сияқты.
Брэдли Купер мен Зоуи Солдана жұбы да екіге ажырап тыңды. Бір-бірінен ажырамас деген жұптың қарым-қатынасы үш-ақ айға жетті. Иә, ендігі кезекте ашулы да сымбатты Брэдлиге байсалданатын кез жеткен шығар.
Аманда Сейфрид пен Джош Хартнет те ақыры ажырасып тыңды. Күні бойы жұмыспен жүретін өнер адамдары бұл қадамдарын дұрыс деп тапқан.
Сөзсіз Том Круз бен Кэти Холмстың ажырасатынын ешкім күткен жоқ. Өздері де...
Ал енді Роберт Паттинсон мен Кристен Стюарттың арасындағы дау-жанжал ұзаққа созылды. Әдемі бикешіміз режисер Руперт Сандерсоммен байланысам деп, басын дау-жанжалға байлап алып еді. Сонда да Роб өз азаматтығын жасап, кешіріп, арадағы қарым-қатынас қайта дұрыс жолға қойылып кете алды.
Джонни Деп пен Ванесса Парадидің 14 жылдық тату-тәтті өмірден соң кенет ажырасып кетуі көпшілік күтпеген үлкен оқиға болды. Бұл жолы Джонни өзінің есепсіз әрі жауапсыз жүрістерімен шаршатып жіберген секілді.
Үйленулеріне бар-жоғы бірнеше ай қалғанда Мария Шарапова мен Саша Вуячич бөлінді де кетті.
сурет:tv-park.kg; peopleschoice.ru; telenews.com.ua
Дайындаған: Фараби Арыстанбек