100 жастағы актриса Хабиба Елебекова Мағжанның өлеңдерін жатқа оқып берді, - деп хабарлайды "Түркістан" газеті.
Айта кетейік, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова театр өнеріне 70 жылдан аса қызмет еткен. Жақында оған Қалибек Қуанышбаев жайлы киноға түсуге ұсыныс жасалды. Ғасыр жасаған Хабиба Елебекованың айтуынша, ол 100 жасында да киноға түсуге дайын екен. "Театрға 17 жасымда келдім. Театр - менің қарашаңырағым", - дейді актриса.