Голливуд актері Брэд Питт Нью-Йорк қаласында өзінің авторлық жиһаздарын шығармақ. Өзі және серіктесі Франко Полларо екеуі 13 қарашадан 15 қарашаға дейін "Питт-Полларо" деген атпен жарық көретін жаңа жиһаздарды жұртшылыққа таныстырмақ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Питтің эскизімен жасалған жиһаздар жинағы 12 заттан тұрады. Олардың ішінде үстелдер мен орындықтар, креслолар мен дивандар және жатын бөлме жиһаздары бар.
5 қараша, дүйсенбі күні белгілі бір ағылшын сайтына берген сұхбатында Питтің 90 жылдардан бері қолына қылқалам ұстайтыны жазылған. "Мен идеяны нақтылы түрде қазғазға түсіріп көрсетуді Чарльз Ренни Макинтош пен Фрэнка Ллойд Райт сынды тұлғалардан үйрендім, - деп ақталды актер. - Олардың туындыларымен француз тілі сабағынан кетіп қалып кітапханада отырған кездерімде танысатынмын. Сағаттап сонда отырып суретпен айналыстым. Бұл менің өмірімді түбегейлі өзгертті".
Полларо актердің жұмыстарымен Питт пен Анджелина Джолидің үйінде танысады. "Сол кезде мен неге осы идеяны жарыққа алып шықпасқа дедім, - деп еске алады Полларо. - Бұл ойға Питт те келісе кетті".
Питтің авторлық жиһаздарының түстері көз сүйсінерлік нәзік болып келеді. Түрлі түстермен қатар, алтын түсті оюлар да жоқ емес.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: realty.rbc.ru, spletnik.ru