Бүгінде киберспорт әлемінде ондаған ойыннан ірі халықаралық жарыстар өтеді. Оның ішінде CS:GO және Dota 2 секілді ойындар ерекше танымал. Осыған орай киберспортта танымал 10 ойын тәртібін назарыңызға ұсынамыз.
Counter-Strike: Global Offensive
Даңқты ойын десек артық айтпаспыз. 2000 жылдардың басында танымал болған Counter-Strike ойынының жалғасы қазір де танымалдылығын жоғалтпаған. Өткен жылы CS:GO ойынынан 800-ден астам турнир ұйымдастырылған екен.
Дәл осы ойыннан қазақстандық киберспортшылар әлем бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп жүр. Мысалы, Avangar командасы әлемнің үздік 20 ұжымының тізіміне енеді. Counter-Strike: Global Offensive ойынынан тек киберспорт лигалары ғана емес, Valve секілді алпауыт ұйымдар жарыстар өткізеді.
Dota 2
Сөзсіз, киберспорт әлеміндегі алпауыт - Dota 2. Бір ғана The International турнирінің жүлде қоры 25 миллион долларды құрайды. Бұл ойын да ТМД елдерінде сұранысқа ие.
Бастапқыда Dota 2 Warcraft 3 ойынының бөлек картасы болатын. Алайда уақыт өте Dota 2 картадан жеке ойынға айналып үлгерді.
Hearthstone
Үздік ондықтан ойып тұрып орын алған Hearthstone ойынынан биыл жарыстардың өткізілу форматы өзгерді. Artifact — Heartstone ойыны шыққаннан соң аталмыш ойынға қызығушылық азаяды деген болжам болған. Алайда әзірге бұл тенденция байқалар емес.
Overwatch
Blizzard компаниясының екінші сәтті ойындарының бірі. Компанияның Heroes of the Storm ойынынан бас тартуының бір себебі, Overwatch ойынын нарықта жылжыту болатын. Соңғы уақытта бұл ойынға деген қызығушылық артып келеді.
League of Legends
League of Legends — бір ғана компанияның аясында өтетін киберспорт тәртібі. Riot Games басқаруындағы бұл ойын ТМД елдерінде танымал болмағанымен, Қытай, Корея секілді Азия мемлекеттерінде сұранысқа ие.
FIFA
Бүгінде футбол әлеміндегі бас орган FIFA ойын симуляторынан бөлек турнир өткізеді. Ал кейбір кәсіпқой футбол клубтары киберспортшыларды қатарына қосқан. FIFA тек кәсіби киберспортта ғана емес, әуесқойлар арасында да өтен танымал ойындардың бірі.
StarCraft 2
Өткен жылы бұл ойын түрінен жарыстар саны арта түскен. Starcraft ойынының үздіктері жылына жүз мыңдаған доллар пайда табады. Алайда Оңтүстік Корея ойыншыларының көптігі соншалық өзге елдерден жарысқа қатысушылардың саны жыл өткен сайын азайып келеді.
World of Tanks
Wargaming танк симуляторы ешкім күтпеген танымалдыққа ие болды. Ойын қиындығының арқасында киберспорттың бір тәртібіне айналды. World of Tanks ойыны әсіресе, Еуропа мен ТМД елдерінде танымал.
Warface
Warface шутері киберспорт әлемінде аса танымал болмаса да, әуесқойлар арасында өзіндік аудиториясы бар. Соңғы уақытта танымал болып келе жатқан ойыннан жақын күндері ірі деңгейдегі жарыстарды көріп қалуымыз ғажап емес.
Smite
2015 жылы бұл ойынның тұрақты 10 миллион ойыншысы болған. Сол жылы да тұңғыш әлем чемпионаты өтті. Dota 2 не LoL ойындарына қарағанда аудиториясы аз болғанына қарамастан жанкүйерлері болашағынан үлкен үміт күтеді.