- Негізгі бет
- Ойындар
- Польшада "This War of Mine" ойыны мектеп бағдарламасына енгізілді
Польшада "This War of Mine" ойыны мектеп бағдарламасына енгізілді
Польша білім басқармасы мектеп оқушыларына "This War of Mine" ойынын ұсынды. Ойын оқушылардың жазғы каникулдағы бағдарламасына енгізілген.
Бұған дейін Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий ойын авторларында (11 bit studios) қонақта болған. Олар симуляторды жоғарғы сынып оқушыларына, соның ішінде тарих, мәдениет, социология, философия, этикаға қызығатындарға ойнауға кеңес берген. Ойын студиясы ойынды оқушыларға тегін етіп қойған.
"Ойын тілі жастарға түсінікті, интерактив форматта берілген. Ойында оқушы түрлі эмоцияға беріледі, шыншыл, жақсыға үйір болуға үйренеді. Бұл жағынан ойын әдебиет пәніне ұқсайды", - дейді студия басшысы.
Ойын кейіпкерлері – қара халық. Олардың ойындағы мақсаты – қаладағы азамат соғысында тірі қалу. Ойын идеясы – соғыстың қандай қасіретке толы іс екенін көрсету.
Massaget.kz