- Негізгі бет
- Ottegi
- Ottegi Podcast. Ескендір...
Ottegi Podcast. Ескендір Бестай: Тәрбиенің сипаты – үнсіздік
Massaget.kz жастар порталы сайттың 10-жылдық мерейтой құрметіне Ottegi подкастар легін дайындаған болатын. Алғашқы эпизод қонағы – педагог, тренер, бала бақытын қорғаушы Ескендір Бестай. Әлем педагог-психологтарының пікірі мен қазақы тәрбиені және өзінің әкелік тәжірибесін ұштастырып, қоғамға пайдалы, сапалы ақпарат беріп жүрген азамат.
1 маусым – Балаларды қорғау күніне подкастың алғашқы саны жарық көрді. Педагог-тренер Ескендір Бестай бала тәрбиесі, бала бақытын қорғау туралы сүбелі ой айтты. "Бала бақытты болу үшін ата-ана тарапынан не керек, жақсы көре алу, махаббат пен жек көру бір ұғымға сая ма" деген сұрақтардың жауабын аласыз.
"Бала тәрбиесінің басты формуласы – шексіз жақсы көру және шартсыз қабылдау" дейді педагог. Ол осы дәйексөздің мән-сырын тереңінен ашты. Жас ата-аналар бұдан да басқа өзекті әрі маңызды керек кеңестер ала алады.
Көңіл дәптеріне түрте отырыңыз.
Ендеше құлаққабыңызды дайындаңыз.
“Оттегіні” тыңдап, текті ойдан тағылым алыңыз.
Г. Берік