Ottegi Podcast. Тұрсынбек Башар: “Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын”

Ottegi Podcast-тың төртінші эпизод қонағы – Тұрсынбек Башар. Тағдыр оны аяған жоқ. Сан соқпағына салды, сан түрлі сынағынан өткізді. Төсек тартып, көңіліне медеу іздеген сәттер болды. Бәріне шыдап бақты, бәріне төзді. Сонда да оны бір ұлы күш орнынан көтерді. Ол – поэзия еді. Ақын қайғыдан мән таба білді. Өзінің ойынша, барлық адам ақын. Бірақ өздері ұмытып кетеді-міс.

Өз жағдайында, мүмкін, оның ақын екенін еске салу үшін осы сырқат бағдар боп берілген болар. Күрескер әрі ақын. Күрескерлігі – көпке үлгі, ақындығы – оқығанға ем. Құдды ол поэзиядан дауа іздегендей, ал оның шығармасы оқырманына шипа секілді. Тылсым әрі қызық байланыс. Сонымен сіз де сол байланысты сезініп көріңіз.

Time code:

00:00 - Алғы сөз
01:30 - Қонақтың өзін таныстыруы
02:30 - Ақын поэзия әлеміне қалай келді?
05:30 - Төсек тартып қалуы
10:00 - Ақындар неге тағдырлы боп келеді?
13:30 - Төсек тартып жатқан халден тұрғызған қандай күш?
17:00 - Әдеби шығарманы оқудың қажеті бар ма?
18:30 - Тұрсынбек қай поэзияның өкілі?
20:00 - Ақынның прозаға келуі мүмкін бе?
22:30 - Селтеткізер: Ақын Аслан Тілегеннің Тұрсынбек Башар туралы пікірі
23:30 - Өлеңді не үшін өртейсіз?
25:00 - Төрт қыры тең өлең мен “күнделік” өлеңнің айырмашылығы неде?
26:30 - Жасанды сана өлең жазатын уақыт жақын
28:00 - “Өзін ақынмын деп жүрген 90 пайыз ақын - ақын емес”
30:00 - Болашақта жақсы ақын болады деген төрт ақын
32:00 - “Нобельді біз ХХ ғасырдың ортасында алуымыз керек еді”
35:00 - Нобельді саясатсыз таза өнермен алу мүмкін бе?
37:30 - “Тәуелсіз болған адам ғана шынайы шығарма жаза алады”
40:00 - Төлен Әбдікке көңіліңіздің алабөтен болуының сыры неде?
41:30 - Қазақ баласы неге Таласбек Әсемқұловты оқуы керек?
44:00 - Қазіргі сын жазып жүрген жандарға көңілім толмайды
45:00 - Қаламгерге әдеби орта қалай әсер етеді?
47:00 - “Алматы ұлылардың ізі қалған қала”
48:00 - Селтеткізер: Оттегінің тұсауы қалай кесілді?
49:00 -  Ақыннан өлең: “Скептизм”
50:30 - Интеллектуалды поэзия дегеніміз не?
52:00 - 3000 кітапты қай кезде оқыды?
54:00 - “24 жасымда 1-курсқа түстім. Оқуға ешқашан кеш емес.”
55:30 - Қазақ қоғамына керек 3 кітап
59:00 - Тұрақты айдар: қонақтан екі минуттық месседж
1:00:30 - Соңы. Подкастер сөзі

Ottegi Podcast. Ескендір Бестай: Тәрбиенің сипаты – үнсіздік

Ottegi Podcast. Ернар Қуаныш: Талпынған әр адам АҚШ-та оқи алады

Ottegi Podcast. Тұрар Қазанғап: Үздік фотограф жоқ, үздік фото бар