Ottegi Podcast бесінші эпизодының қонағы – Жолдас Өрісбай. Жолдас өмірлік миссиясына айналған журналистикаға 2014 жылы аяқ басты. Отандық бірнеше медиада қызмет істеген ол қалам қуатын арттыру үшін мұхит асуға бел буады. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мичиган университетінде білімін шыңдап, жақында елге оралды. Қонағымыз эпизодта журналистика, саналы қоғам, сауатты білім беру-алу туралы әңгімеледі. Бұл сұқбат – көпжылдық ізденіс пен тәжірибенің сығындысы. Тыңдаған жан, жоқ дегенде, мақсат жолында еңбекті қалай қару қылуды үйрене алады. Өйткені, Жолдастың екінші аты – Еңбек.
@birqabatti_america
– Журналист
– Америкатанушы
– Трэвел блогер
www.zholdasorisbay.com
Time code:
00:00:18 - Алғысөз
00:00:54 – Жолдас Өрісбай кім? Қонақтың өзін таныстыруы
00:02:41 – Мичигандағы өмір, білім, журналистика туралы
00:04:03 – Детройт туралы деректі фильм, зерттеген жұмыстарына шолу
00:07:14 – Қазақ, орыс, ағылшын медиасының ерекшеліктері
00:09:40 – Журналистиканы оқу керек пе?
00:12:50 – Не себепті АҚШ-та оқуды таңдады?
00:15:40 – Студенттің пікірі бір курстың тағдырын шешеді Мичиган университетіндегі қызықты кейстер
00:18:10 – КСРО экономикасын зерттеуі
00:23:31 – Фотожурналистика: Рузвельт әдісі. Сурет өнерінің құдыреті
00:26:00 – Селтеткізер: Жолдас айтқан суреттерге пікір
00:27:00 – «Екі деңгейлі қоғамға айналып кеттік»
00:27:45 – «Өзендегі шошқалар» немесе өнердің қоғамдағы рөлі
00:29:30 – 12 студент тастап кетіп, өзі ғана оқыған сабақ жайында
00:37:49 – Америкалық журналистік мектептердің артықшылығы
00:43:35 – АҚШ медиасында жарияланған 13 мақала қалай жазылды?
00:52:08 – Профессор Полсон
00:53:01 – Селтеткізер: Жолдас кітаппен қалай достасты немесе Әкеге алғыс
00:54:00 – АҚШ-тағы соңғы сайлауда БАҚ қалай жұмыс істеді?
1:06:00 – Трамптың билікке келуіне не себеп болған?
1:13:35 – Қандай кітап көзқарасты өзгертті? Қай кітап пікір қалыптастыруға әсер етті?
1:21:45 – Дұрыс қоғам құру үшін не істеу керек? Алғашқы қадамды неден бастаған дұрыс?
1:24:40 – Кез келген журналист ағылшын тілін білгені абзал. Оларға қандай кеңес берер едің?
1:28:29 – Селтеткізер: Ерболды медиаға алып келген – Жолдас
1:30:00 – Мэйл.ру-дағы бір суреттің тарихы
1:34:00 – Замандас журналистерге не айтар едің?
1:35:35 - Соңы. Подкастер сөзі