- Негізгі бет
- Отандасыңды оқы
- "Полифония" халықаралық әдебиет...
"Полифония" халықаралық әдебиет фестивалінде қандай мастер-класстар өткізіледі?
«Полифония» әдебиет фестивалінің шеңберінде (Алматыда 29 қазан – 1 қараша күндері) Алматылық Ашық Әдеби Мектеп проза, поэзия, аудармалар және балалар әдебиетінен атақты қазақстандық және шетел авторларының практикалық мастер-класстарын өткізетін болады.
Қазақ тілінде:
Проза мастер-классы (жетекшісі – Дидар Амантай)
Поэзия мастер-классы (жетекшісі – Ардақ Нұрғазұлы)
Қазақ және орыс тілдерінде:
Әдеби аударманың мастер-классы (жетекшісі – Аслан Жақсылықов)
Орыс тілінде:
Проза мастер-классы (жетекшісі – Леонид Бахнов)
Поэзия мен әдеби аударманың мастер-классы (жетекшісі – Юкка Маллинен)
Балалар әдебиетінің мастер-классы (жетекшісі – Валерий Воскобойников)
Барлық мастер-классқа (Аслан Жақсылықовтың мастер-классын қоспағанда) қатысу үшін авторлар өз шығармаларын жіберуі керек. Аслан Жақсылықовтың мастер-классына қатысу үшін шығармаларыңызды жібергеніңіз жақсы болар еді, бірақ бұл міндетті шарт емес.
Шығармаларыңызды 2015 жылдың 15-ші қазанына дейін litfest.kz@gmail.com электронды поштасына жіберіңіз.
Проза мастер-класстарына 15 000 – 120 000 баспа таңбасынан тұратын прозалық мәтіндер (әңгімелер, эсселер, повестер, романнан үзінділерді) қабылданады.
Поэзия мен әдеби аударманың мастер-класстарына қатысу үшін 10-30 өлең жіберу керек.
Балалар әдебиетінің мастер-классына қатысу үшін де 15 000 – 120 000 баспа таңбасынан тұратын прозалық мәтін немесе 10-30 өлең жіберуге болады.
Таңдалған мастер-классты хаттың тақырыбында бас әріппен көрсетіңіз (мәселен, поэзия – мастер-классы – қазақ тілі). Қатысушылардың саны шектеулі, мастер-класстарға тегін қатыса аласыз.
Мастер-класстар жетекшілері туралы ақпарат:
Дидар Амантай – жазушы, пәлсапашы, сценарийлер авторы. Қазақ пен орыс тілдерінде гі кітаптардың авторы. Түрлі әдеби сыйлықтың иегері. Шығармалары ағылшын, француз, финн, неміс және тағы басқа тілдерге аударылған.
Ардақ Нұрғазұлы – ақын, прозашы, сыншы, журналист. «Алматы ақшамы» газетінде тілші. Өлеңдері ағылшын, қытай, орыс тілдеріне аударылған.
Аслан Жақсылықов – жазушы, филолог, аудармашы. Филология ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, 150-ден астам ғылыми еңбек пен кітаптың авторы. Көптеген қазақ авторларының шығармаларын орыс тіліне аударған.
Леонид Бахнов – әдеби сыншы, редактор. «Дружба народов» журналының проза бөлімінің меңгерушісі.
Юкка Маллинен – ақын, эсселер авторы, аудармашы. Финн тіліне ресейлік және қазақстандық ақындар мен жазушылардың шығармаларын аударған. Юкка Маллиненнің шығармалары орыс, қазақ, қырғыз, ағылшын, швед және тағы басқа тілдерге аударылған.
Валерий Воскобойников – балалар жазушысы, тарихшы, публицист. Балаларға арналған 60-тан астам кітаптың авторы, әдеби сыйлықтардың иегері. Ресейлік балалар кітабы одағының мүшесі. Кітаптары ағылшын, жапон, поляк, румын және тағы басқа тілдерге аударылған.
Қ. Бүйенбай