Бақыт Кенжеев: «Жазушы ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес»

Осыған дейін 1-ші тамыздан 15-ші қазанға дейін Қазақстанда балалар әдеби байқауы өткізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз. Байқауға қатысуға қазақстандық мектеп оқушылары мен 18-ге толмаған кәсіби оқу орындары және жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары шақырылады. 

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фистивалінің шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауында қонақ болып, төрелік етіп, мастер-класс жүргізетін қонақтарымыздың бірінен алынған сұхбатты ұсынамыз. 

Бақыт Кенжеев — ақын әрі жазушы. Ол Алексей Цветков, Александр Сопровский, Сергей Гандлевскиймен бірге «Мәскеудегі уақыт» («Московское время») ақындар тобын кұрды. Шығармалары 1972 жылдан бастап жарияланып келеді.

Бес роман, сегіз өлеңдер жинағының авторы, бірқатар әдеби сыйлықтың иегері (соның ішінде 2003 жылғы «Москва–транзит» сыйлығы), бірнеше поэзия фестиваліне қатысушы. Өлеңдері ағылшын, француз, неміс, испан, италян, украин, голланд, қытай, швед тілдеріне аударылған.

— Саясат пен шығармашылық жазушының өз азаматтық ұстанымын білдіруі керек пе және керек болса, қалай білдіруі керек?

— Жазушы ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес. Қаласа – өз азаматтық көзқарасын білдіреді, қаламаса – білдірмейді. Бірақ мұнда бір қауіп бар: өлеңдеріндегі ұстаным көпшіліктің (тобырдың) немесе басшылардың көзқарастарына сәйкес келсе, шығармашылық қағидалардың бірі бұзылады. Бұл қағида риясыздық деп аталады. Ақырында еңбегі сапасыз, кейде күлкілі де болып шығады.

— Өлең жазғанда сіз өз атыңыздан немесе басқа біреудің атынан сөйлейсіз бе? Бір буынның немесе адамдар тобының атынан әлде бұл жеке пікіріңіз бе?

— Әрине, өз атымнан жазамын. Бірақ өзім белгілі бір буын, бір қоғамдық топтың өкілімін. Сондықтан осы адамдар үшін маңызды нәрселерді де айтамын.

— Кемеліне келген авторға әдеби фестивальдер не бере алады?

— Біріншіден, оқырмандарыңмен кездесе аласың. Екіншіден, әріптестеріңмен ой бөлісе аласың. Және жаңа қызықты нәрселермен таныса аласың. «Фестиваль» сөзінің төркінін еске алсақ: бұл «мереке» деген сөз.

Шығармалар мен байқауға қатысуға өтініштер litshkola@gmail.com электронды поштасына қабылданады.