Кітаптары миллион данамен шығатын, атақты поляк жазушысы Януш Леон Вишневский 29-31 аралығында өтетін "Полифания" фестиваліне арнайы шақыртумен Алматы қаласына келген болатын. Біз осы сәтті пайдаланып, сіздердің назарларыңызға екінші халықаралық «Полифония» әдеби фестивалі шеңберінде өтетін «Балалар әдеби конкурсы - 2015» байқауының арнайы қонағы Януш Вишневскийден алған сұхбатымызды ұсынамыз.
Януш Леон Вишневский — атақты поляк жазушысы. Оқырман қауымға 2001 жылы «Желідегі жалғыздық» («Одиночество в сети») атты алғашқы романы шыққан соң танымал болған. «Желідегі жалғыздық. Триптих» («Одиночество в сети. Триптих», 2008 жылы), «Махаббаттағы жалғыздық» («Одиночество в любви», 2010 жылы), «Ұлыммен фейсте» («На Фейсе с сыном», 2013 жылы), «Жұбайлық өмірдің көріністері» («Сцены из супружеской жизни», 2013 жылы), «Гранд» (2014 жылы), «Іздер» («Следы», 2015 жылы) және т.б. шығармалардың авторы.