"Оңай қарсылас жоқ". Бас бапкер боксшылардың жеребесіне қатысты ойын айтты

Кеше бокстан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды. Осы орайда ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов жеребе тарту рәсіміне қатысты шағын пікірін айтты, – деп хабарлайды olympic.kz.

Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Бір бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз, - деді бас бапкер. 

Бірнеше боксшымыз бірінші айналымнан сүрінбей өтер болса, өз салмақтарындағы әлем үздіктерімен кездесуі мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасындағы бокс жеребесі төмендегідей тартылды: 

51 кило: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)
57 кило: Махмұд Сабырхан – Хосе  Кильес (Испания)
63,5 кило: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)
71 кило: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)
80 кило: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)
92 кило: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)
+92 кило:  Қамшыбек Қоңқабаев -  Гадфа Дрисси (Испания)

Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға Мұхамедсабыр Базарбайұлы шығады. Оның бірінші кездесуі 27 шілдеге жоспарланған.