Махмұд Сабырхан барын салған жекпе-жекте жеңіске жете алмады

Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Олимпиаданы бірінші жекпе-жегінде аяқтады. 57 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Махмұд Сабырхан испан боксшысы Хосе Квилеске жол берді. 

Махмұд шабуылда ширақ, қорғаныста мығым жұдырықтасты. Алайда төрешілер шешімі басқа болды. 4:0 есебімен Хосені жеңімпаз деп таныды. 

Ширек финалда Хосе өзбек боксшысы Абдумалик Халоковпен жұдырықтасады. 

Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама сапында Асланбек Шымбергенов пен Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ерте аяқтаған еді.