Бүгін қазақстандықтар Алматы әуежайында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты қарсы алды. Massaget.kz редакциясы әуежайда түсірілген суреттер мен видеоларды ұсынады.
Финалдық белдесуді Франция президенті Эммануль Макрон арнайы келіп тамашалады.
Айта кетейік, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үшінші орын алған еді.
66 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичтен айласын асырды.
Ғұсман жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимаға жол беріп алған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!