Қазақстандық тағы бір боксшы Олимпиадада жүлдесіз қалды

Қазақстандық тағы бір боксшы Олимпиадада жүлдесіз қалды
Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасында бокстан 92 келі салмақтағы ширек финал бәсекелері өтуде. Өкінішке қарай, қазақстандық Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнирдің 1/8 айналымында Айбек Оралбай Әзербайжан атынан жұдырықтасатын кубалық боксшы Лорено Альфонсо Домингеспен кездескен болатын. 

Жекпе-жектің алғашқы раундында Айбек 4:1 есебімен алға шықты. Ал екінші және үшінші раундта төрешілер жеңісті Домингеске берді. 

Осылайша, Қазақстан командасының тағы бір боксшысы жарысты аяқтады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лес
Logotype Massaget