Қазақстан құрамасындағы ең жас спортшы Олимпиаданы сәтті бастады

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали (80 келі) 2024 жылғы Олимпиадаа ойындарының  іріктеу айналымын сәтті бастады.

Алғашқы айналымда Батырхан малилік Исмаил Кулибалимен кездесіп, қарсыласынан басым болып шықты. 

1/8 финалда отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен кездеседі. Батырхан Қазақстан құрамасы сапында Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас (17 жаста) спортшы.