Ғұсман Қырғызбаев екінші белдесуінде әйгілі кореялық балуанды жеңді

Ғұсман Қырғызбаев екінші белдесуінде әйгілі кореялық балуанды жеңді
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париждегі Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз 1/8 финалда әйгілі корей балуаны Ан Ба Улды жарыс жолынан шығарды. 

Отандасымыз белдесуді ширақ бастап, алғаш болып әдіс жасады. Бұл оның жеңіске жетуіне жеткілікті болды. 

Ан Ба Ул – Рио олимпиадасының күміс, Токио олимпиадасының қола жүлдегері. Париж олимпиадасының фавориттерінің бірі еді.

Ғұсман бірінші белдесуінде испан спортшысы Давид Гарсиа Торнені жарыс жолынан шығарды. Ширек финалда француз Валид Хьярмен кездеседі. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget