Якудза – жапон тілінен аударғанда сол елдің ұлттық танымындағы бірлескен қылмыстық топ. Нақты айтсақ, «бакуто» деп аталатын карта ойынынан пайда болған атау. Олар қылмыстық әлемнің патшасы. Олардың пайда болуы бізге дейінгі ХVII ғасырға тән. Таралу аймағы: Жапония, АҚШ, Қытай, Корея және Филиппин елдері. Жапонияның өзінде бұл ұйымға мүшелікке өткендер саны 80 мыңнан асады.
Якудзаларға дейінгі жүкті самурайлар көтеріп келгені де белгілі.
Якудзалар тек қана қылмыстық әлемнің басты кейіпкерлері емес. Сонымен қатар халықтың сөзін жақтап, елдің мүддесі үшін қымет етуші топ. 2011 жылы Жапонияда болған үлкен алапат цунами кезінде аш қалған, киімсіз қалған халыққа бірінші біліп болып көмек көрсеткен якудзалар.
Олардың өздері жайында ақпарат беретін журналдары да бар. Ол журналдың атауы – «Ямагути-гуми Шинпо».
Юбитсуме – ұйымның ең қатал жазаларының бірі. Якудзалар қателікке жол берген жағдайда ең кішкене саусағын кесіп тастайды. Бұл сырт көзге қатігездік болып көрінгенімен, екінші рет сабақ болуға үлкен әсерін тигізетін жазаның түрі.
Татуировка – денеге салынған өрнектер. Ал якудзалар үшін денеге татуировка салу – дәстүр. Кез келген өрнектер емес, өздеріне тән, якудзалық екенін бірден білдіретін татуировкалары бар.
Якудзалар да емтихан тапсырады. Қылмыс әлемінің адамдары үшін бұл неге керек деуіңіз де мүмкін, бірақ басшылары ұйым мүшелерінің жыл сайын емтихан тапсырып тұрғанын қадағалайды. Тіпті қатаң түрде өтеді. Емтиханның негізгі бағыты – елдің заңы. Яғни якудза болсаңыз елдің заңын бес саусағыңыздай білуге міндеттісіз.