- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Үстел ойындары қарым-қатынасты...
Үстел ойындары қарым-қатынасты жақсартуға көмектеседі
Бүкіл әлемде үстел ойындарының танымалдығы артып келеді. Бұл таң қаларлық жайт емес, өйткені олар миды дамытумен қатар, басқалармен жақсы қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.
Американың Индианаполис қаласында 1968 жылы ұйымдастырылған жыл сайынғы Gen Con ойын фестивалі өтеді. Онда үстел ойындарын, стратегиялық және басқа да ойындарды ойнауға болады. Gen Con фестиваліне бірнеше мың адам келіп, 50 жылдық мерейтойда алғаш рет барлық билет сатылды.
Фестивальдің танымалдылығы сол, мұнда үстел ойындарын жақсы көретіндер еркін демалып, бір-бірімен ашық-жарқын сөйлесуге мүмкіндік туады. Кино және медиа ғылымдарының профессоры Мэри Флэнаганның (Mary Flanagan) айтуынша, үстел ойындары адамдарға ережелерді есте сақтауға көмектеседі, сонымен бірге әділеттілікті ұмытпауға үйретеді екен.
Ежелгі заманнан бері ойындар негізінен әлеуметтік құрылымдар секілді бәсекелестіктің бағытына және нәтижелеріне қалай әсер ететінін көрсетті. Мысалы, «монополия» капитализмнің бұзылуын көрсету үшін ойлап табылған.
Үстел ойындарының ережелері бірнеше адамның қатысуын талап етеді. Олар үнемі жақын қарым-қатынаста болып,, бір-бірімен байланысып, ойыннан тәжірибе алмасады. Ал бүгінгі таңда біз бір үстелде достарымызбен немесе жақындарымызбен бірге жиналып, смартфондарсыз сөйлесіп отыра алады екенбіз. Бұл үстел ойындары маңызды қарым-қатынас дағдыларын игеруге, қатынастарды жақсартуға және басқа адамдарға сенуге үйренуге көмектеседі деген сөз.
Сонымен қатар, үстел ойындары ойыншыларға стратегиялық ойлауды, ақылды болуды талап етеді және бұл дағдылар шынайы өмірде сіз үшін пайдалы болмақ.
Ж. Жұмағұлов