Әуедегі ұшақ соңынан қалған ақ жолаққа қарап ауа райын жорамалдауға болатынын біліп пе едіңіз? Білмесеңіз, айта отырайық.
Ақ жолақ - бұл сұйық күйден бу күйіне өткен конденсациялық із. Егер де ұшақ қалдырған із қысқа болса және тез сейіліп кетсе, ауа райы құрғақ әрі ашық болады. Ұшақ жуан әрі көп уақытқа дейін сейілмейтін жолақ қалдырса, ауаның ылғалдығы жоғары және жаңбыр жауады деп болжанады екен.