1928 жылы Үндістанда Прахлад Джани есімді бала дүниеге келді. 7 жасына дейін оның басқа балалардан еш айырмашылығы болған жоқ. Бірақ, 7 жастан асқаннан кейін ол тамақ жеп, су ішуді қойған. Бір қызығы, тамақ ішпесе де, Прахлад Джанидің денсаулығында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Ол соңғы рет 11 жасында тамақтаныпты. Бұл туралы xistor.ru сайтында жазылды.
2003 жылы Прахлад Джани емханаға жатқызылып, 10 күн дәрігерлер мен ғалымдардың бақылауында болды. Дегенмен, мамандар оның ағзасының сырын сол күйі аша алмады.
Қазір қария Үндістандағы Амба Мата үңгірінде тұрып жатыр. Өзінің айтуынша, ол 11 жасында Амба Мата есімді құдаймен кездесіп, оған тамақ жеп, су ішпеймін деп уәде берген екен.
сурет: 3.bp.blogspot.com