Әр түс өзінше ерекше, сонысымен де, түстер адамдарға әр түрлі көңіл күй сыйлайды. Бізді қоршаған орта, тіпті, бүкіл әлем түстерден құралады деп айтсақ, артық айтпағанымыз болар. Десе де, түстердің біз білмейтін тылсым сырлары да бар екен. Мысалға, тікұшақтың «қара жәшігінің» түсі шынымен де қара ма, бильярдтың түсі неге жасыл, коррида ойынында бұқа қызыл түске бола жүгіре ме, әлде? Осы сияқты бірқатар қызықты сұрақтарға жауап іздеген болатынбыз. Нәтижесін бірге көрейік.
1. Корридода бұқа матадордың «мулета» деп аталатын қызыл күртесінің түсіне бола оны қуалайды. Алдыңғы жазбаларымызда бұқаның түс танымайтынындығы туралы айтқан болатынбыз. Міне, соны тағы да дәлелдеп отырмыз. Түс танымайтын бұқа қызыл түске емес, торероның мулетаны айналдырғандағы қозғалысына «ашуланады» екен. Қызыл түсті матадордың денесінде жарақат пайда болған жағдайда қанның түсін білдірмес үшін пайдаланады екен.
2. Алғашында, бильярд та гольфке ұқсас ашық аспан астында, жасыл шөп үстінде таяқ және шарлармен ойналған. Бүгінгі күнгі пішініне біршама уақытты еншілегеннен кейін жетіп отырған жайы бар. Бильярд сукносының түсі жасыл болуының негізгі себебі осында деседі.
3. Тікұшақтың «Қара жәшігі» оның барлық құрылымындағы техникалық қалыбы туралы ақпаратты, сонымен қатар, экипаждың сөйлесулерін жазады. Қара жәшік дегенде, көз алдымызға қара түсті төртбұрыш қалыптың келетіні сөзсіз. Ал, шындығында, оның формасы шар тәрізді (немесе цилиндр пішінді), ал түсі қара емес, апат жағдайында табуға оңай болу үшін сарғыш немесе қызыл түсті болады екен.
4. Көпшілігіміз зебраны бүйірі ақ болған соң, қара жолақты ақ ат деп ойлаймыз. Бірақ, эмбриондық саты бойынша зерттеу жұмысының нәтижесінде, жануардың негізгі түсі қара екені дәлелденген. Сондықтан, ақ жолақты қара ат дегеніміз дұрыстау.
5. BMW компаниясының логотипі «ата-анасы» Rapp Motorenwerke компаниясынан қалған. Оның таңбалық бейнесіндегі ақ және көк түстің өзіндік мағынасы бар. Ақ және көк түстер өндіріс мекені болып табылатын Бавария мемлекетінің символдық түстері екен. Бұл екі түстің үйлесім табуы ашық аспан түсін білдіреді. Алғашында, BMW компаниясы тікұшақ қозғалтқыштарын өндіретін болыпты, он жылдан кейін көлік жасайтын болған.
Сурет: bankoboev.ru, mirvkartinkah.ru, katyaburg.ru, zoopicture.ru, ru.wikipedia.org, bmw-x8.ru, dnevniki.ykt.ru, ksalnikov.narod.ru