Ғаламшардағы адамдардың көпшілігі өз сағат белдеуіне сәйкес 20:00 мен 01:00 аралығында ұйықтайды, сағат 01:00-де дүние жүзінің 57 пайызы өз төсегінде түс көріп жатады.
The Beatles тобының мүшесі Пол Маккартни «Yesterday» әнін алғаш түсінде естігенін айтады.
Сиыр, жылқы, піл секілді кей жануарлар тізесінің жаратылысына байланысты тұрған орнында ұйықтай алады. Ал қоқиқаздың (фламинго) қылығы тіпті таңғалдырады, ол бір аяғымен тұрып та ұйықтай алады. Бұл жануарлар тек өзін толықтай қауіпсіз сезінген жағдайда ғана жатып ұйықтай алады.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тура шекесіне оқ тиген венгер сарбазы өлім аузынан қалады. Бірақ сол күйі еш дұрыс ұйықтай алмайтын болып қалды. Соған қарамастан өзін жақсы сезініп, ары қарай 40 жыл өмір сүрген екен.
Құлағы естімейтін адамдар түсінде де ым тілімен сөйлесіп жүреді, көзі көрмейтін адамдар да түс көреді, бірақ ештеңе көзге көрінбейді, өмірдегідей. Олардың түсі денсаулығында ақау жоқ адамдардан еш айырмашылығы болмайды.
Қара қарлығаштар, ләйлектер, бізтұмсық шағалалар ұшып келе жатқанда шаршап қалса ауада қалықтап келе жатып 10 минут ұйықтап алады.
2011 жылы Лондонда «Бесік жыры» қойылымы болды. Көрермендер кереуетке орналасқанда ұйқыға кетті. Актерлердің де мақсаты оларға тыныш ұйқы сыйлау еді. Олар таңертең оянғанда билет бағасына татитын таңғы аспен тамақтандырды.
Дельфиндер мен киттердің сол жақ және оң жақ жарты шарындағы ми кезектесіп ұйықтайды. Ол жануар ұйықтап жатқанда да дем алуы үшін қажет.
Атақты суретші Сальвадор Дали үстелде сурет салып отырған жерінде қолында ауыр кілтті ұстап отырған күйі жиі қалғып кетеді екен. Қолында ұстаған кілті жерге түсіп кеткенде, соның дауысынан оянады. Осы оянғаннан кейін суретті ары қарай қалай жалғастырудың шешімін оңай табатын көрінеді.
Адам оянғаннан 5 минуттан кейін түсінің жартысын, ал 10 минуттан кейін небәрі 10 пайызын ғана еске түсіре алады.
16 сағат ұйқысыз жүргеннен кейін адам жұмысқа қабілеттілін жоғалта бастайды.
Тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтаған адам тамақсаулыққа, май басуға бейім болады.
Адам түсінде көрген адамын танымайтын болса, демек оны өңінде бір рет болса да көргенінің белгісі.
Адам көбіне ұйқыға жатқаннан кейін шамамен жарты сағаттан соң түс көре бастайды.