Тристан да Кунья құрлықтан ең алшақта жатқан арал болып табылады. Ол Атлант мұхитының оңтүстігінде орналасқан. Айта кетсек, аталған аралдан Африка құрлығына дейін 2800 шақырым алыста болса, Оңтүстік Америка материгінен 3360 шақырым қашықта жатыр. Ал материктерден бөлек, Тристан да Кунья аралына ең жақын орналасқан халық шоғырланған ел – Әулие Елена аралы.
Тарихи деректерге сүйенсек, Тристан да Кунья аралын алғаш картаға португалдық саяхатшы енгізген. Аралдың ауданы 100 шаршы шақырымға тең. Тристан да Кунья аралында белсенді жанартаулар көптеп кездеседі. Сондықтан аралдың жергілікті тұрғындары оның қауіпсіз солтүстік-батыс бөлігінде ғана шоғырланған.
Аралдың алғашқы тұрғындары XIX ғасырда орныға бастайды. Көп уақыт өтпей аралдағы билікті америкалықтардан британдықтар тартып алып, осында Малкольм флотының негізін қалайды. Бүгінде аралдың тұрақты тұрғыны 300 адамға жеткен. Мұнда негізінде америкалықтар, британдықтар, голландиялықтар мен италиялықтардың ұрпақтары өмір сүреді.
Жеті Теңіз Эдинбургі атауына ие қала Тристан да Куньяның астанасы болып саналады. Мұхит алабында жатқан аралдан жергілікті тұрғындар екі рет көшірілген екен. Оған Королева Мария жанартауының атқылауы себеп болыпты. Аралдық бірлестіктің басты күн көрінісі – балық шаруашылығы. Одан бөлек, егіншілік пен мал шаруашылығы да шағын түрде даму үстінде.
Тристан да Кунья әлемнің түрлі өркениетінен алыста қалған болса да, мұнда мектеп, емхана сынды қажет нысандар жұмыс істейді. Сонымен қатар, аралдың жеке әуежайы болмағандықтан, кеме жолы негізгі байланыс транспорты болып табылады.