- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Теңіз суында тұз...
Теңіз суында тұз неге көп?
Теңіз суындағы тұз туралы алғашқы ғылыми деректер ағылшын геофизигі Эдмунд Галлейдің1715 жылы жазған еңбектерінде келтірілген. Галлей жер қыртысындағы тұз бен өзге де минералдардың өзендер арқылы теңізге қосылатынын айтқан. Бүгінде ғалымдардың басым бөлігі бұл теорияны құптайды.
Тұздың құрамындағы натрий элементі мұхит түбінде бұрыннан бар. Ал хлор теңізге жерасты суларымен бірге қосылады.
Дегенмен, бұл мұхит құрамындағы тұздың барлығы осылай жиналған деген сөз емес. Егер мұхит суын құрғатсақ, алынатын тұздан биіктігі 230 шақырым, ал қалыңдығы 2 шақырым болатын қабырға көтеруге болады екен. Мұндай қабырғаның ұзындығы жер экваторымен тең болады.
Теңіздердің орташа тұздылығы – 34 промилле. Айта кетелік, тұзы ең көп Өлі теңіздің ауданы небары 728 шаршы шақырым болса да, 10 523 000 000 тонна тұзы бар.
Ж. Өрісбай