Әлем мыңдаған, тіпті миллиондаған ретсіз хаосқа толы. Дүние бір сәтте мың құбылып сала береді. Дүниені билеп-төстеп, сонда тіршілік кешкен адам да дәл солай. Біз бүгін сіз естімеген адам таңғаларлық деректерді ұсынамыз. Бұған сенгіңіз келмесе де, бұл – шындық.
АҚШ-та "Некені қалай сақтау керек?" кітабының авторы өз әйелін атып өлтіріп, денесінің суретін фэйсбук әлеуметтік желісіне жүктеген.
"Адамдарды қалай жеңуге және қалай әсер етуге болады?" кітабының авторы Дейл Карнеги толық жалғыздықта көз жұмған.
"Бала және оған қамқорлық көрсету" бестселлерінің авторы Бенжамин Спокты өзінің туған балалары қарттар үйіне тапсыруды қалаған.
"Қалай бақытты болуға болады?" бестселлерінің авторы Юн Хи күйзеліске ұшырап, өзін-өзі дарға асқан.
Бала тәрбиесіне қатысты бірнеше өсиет сөз қалдырған әйгілі педагог Мария Монтесори өз баласын өзге біреудің тәрбиесіне берген.