- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Сіз білмеген қызықтар...
Сіз білмеген қызықтар
» Күн сәулесі жерге 8,5 минутта жетеді.
» Ай жерден 80 есе жеңіл.
» Толық күн тұтылуының ұзақтығы 7,0 минуттан аспайды. Ал толық ай тұтылуы 104 минутқа дейін жетеді.
» Күн жүйесіндегі ең кішкентай планета – Плутон, ал ең үлкені – Юпитер.
» Күн жүйесіндегі ең ыстық планет – Шолпан.
» Шолпанда күн батыстан шығып, шығыс жаққа батады.
» Жерден құралсыз көзбен көрінетін планета – Уран.
» Тоқылдақ секундына 20 рет шоқып жей алады.
» Шолпандағы тәулік жердегі жылдан ұзақтау.
» Жердегі ең жылы теңіз – Қызыл теңіз.
» Чилидегі Калама атты қалашықта мүлдем жаңбыр жаумайды.
» Жердің 70 пайызы сумен толтырылған, бірақ оның 1 пайызы ғана ішуге жарамды.
» Өлі теңіз мұхиттардан 7-8 есе тұздырақ.
» Солтүстік полюсте жылына 186 күн бойы күн көрінбейді.
» Табиғатта тек 96 элемент кездеседі, 11-і газ күйінде, 81-і қатты күйде.
» Дүние жүзіндегі сан түрлі қажеттілікке жарайтын ағаш – кокос пальмасы. Одан ең мықты құрылыс материалы алынады, жапырағынан үй жабады, жаңғағының қабығынан жіп иіреді, сыртқы қауашағынан ыдыс жасайды, шырынынан қант және шарап жасайды.
» Көміртегі жердегі барлық элементтерді қосқандағыдан көп қосылыс береді.
» Алмас қышқылда ерімейді, оны бұзатын жоғарғы температура ғана.
» Бұғылар мүктермен қоректенеді. Олардың құрамындағы минералды заттар бұғылардың денесін қыста бірқалыпты етіп ұстап тұрады.
» Жыландар қабақтары арқылы көре алады.
» Меркурийдегі жарты тәулік (күндізгі уақыт) жердегі бір жылдан екі есе ұзақ.
» Басын 360 градусқа бұра алатын жалғыз шыбын-шіркей – дәуіт.
» Қытайдың кейбір жазу машинкаларында 5700 белгі бар. Оның клавиатурасының ені бір метрге жуықтайды, сол себепті ең шебер деген қаріп терушінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен.
» Ресей мемлекетінің ең бірінші астанасы - Ладога.
» Науру - ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз мемлекет.
» Табиғатта сынаптан басқа сұйық күйде кездесетін тек бір элемент қана бар, ол – бром.
» 1603 жылы Жапонияда император бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні болып белгіленді.
Материал balakai.kz сайтынан алынды
сурет: iinsider.biz
Е. Қайрахан