Адам – ең керемет жаратылыс. Биологиялық негізі болғанымен оның ақыл-ойы, қалыптасуы, жетілуі үлкен кезеңдерден өтеді. Адам баласын зерттеу әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сіздерге зерттеу кезінде пайда болған түрлі қызықты мәлімет ұсынып отырмыз.
Көздің ағы – дене мүшелерінің ішінде қан айналымы жоқ жалғыз мүше. Ол зат алмасуды ауадан алады.
Адам миының сыйымдылығы 4 терабайттан асып кетеді.
Жеті айлық бала тыныс алып тұрып жұтына алады.
Адамның бас сүйегі 29 түрлі сүйектерден тұрады.
Түшкірген кезде ағзадағы бүкіл жұмыс тоқтайды, тіпті жүрек те жұмысын тоқтатады.
Адам баласының жүйке талшықтары сағатына 274 км жылдамдықпен қозғалады.
Адам денесіндегі 50 000 жасуша өліп, тура сол сәтте қайта туып отырады.
Баланың үш айлық кезінен бастап саусақ таңбасы пайда болады.
Әйелдердің жүрегі жігіттерге қарағанда тез соғады.
Чарльз Осборн – алты жыл бойы ықылықтан құтыла алмаған адам.
Оң қолымен жұмыс істейтін адамдар сол қолға күш салатын адамдарға қарағанда тоғыз жыл артық өмір сүреді.
Адам түсінің 90%-ын ұмытып қалады.
Адам денесіндегі қан тамырлардың жалпы ұзындығы – 100 000 км.
Адам өмірінің соңына қарай 150 триллион бит ақпаратты сақтап қала алады.
Адам қызарған кезде, оның асқазаны да қоса қызарады.
Адам денесінде жеті жүзге жуық фермент жұмыс жасайды.
Адам – шалқасымен ұйықтай алатын жалғыз тіршілік иесі.
Орташа есепппен төрт жастағы бала күніне 450 сұрақ қояды.
Тек 1% бактерия адам ағзасына ауру шақырады.
Адам кіндігінің ғылыми атауы – «умбиликус».
Тіс – адам денесіндегі қалпына қайтып келмейтін жалғыз мүше.
Орташа есеппен адам баласы ұйықтап кету үшін 7 минут керек.
Жер бетінде 7% солақай бар.
Адам ағзасындағы барлық бактерияның салмағы – 2 кг.