Күкіртке жанамалау арқылы оттыққа ие болатын сіріңкені ХІХ ғасырдың басында ағылшын өнертапқышы Джон Уолкер ойлап тапқан. Бір қызығы, бұл кездейсоқ болған жағдай еді.
Басында Джон хирургтің көмекшісі болып қызмет етеді. Сосын ол химия саласына қызығушылық таныта бастайды. Оны ойландырған негізгі сұрақтардың бірі "отты алудың жолдарын табу" болды.
Бір күні ол сульфид пен сүрменің қоспасымен эксперимент жүргізуді жоспарлайды. Сосын ол қоспаны араластырып жатқан таяғын ойда-жоқта, қабырғаға жанап жібереді. Таяқтағы қоспаның қалдығы жанып кетеді. Міне, осылай сіріңке зертханада ойлап табылған екен.
Джон белгілі ағылшын өнертапқышы Уильям Конгривтің құрметіне сіріңкеге "Конгрив" деген атау береді. Сондай-ақ, сіріңкені жасаумен кез келген адамның айналысуы үшін, ол өз жаңалығын патенттеуден бас тартады. Ал патенттеу идеясын оған атышулы физик Майкл Фарадей айтқан екен.
Джон екі жыл ішінде өзі жасаған сіріңкенің 250 қорабын сатуға қол жеткізеді. Дегенмен, Уолкер жаңалық ашып, танымал да, бай да болған емес. Оның аты өмірден озғаннан кейін белгілі бола бастаған.