- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Шағала туралы қызықты...
Шағала туралы қызықты деректер
Шағалалар басқа құстардың жұмыртқасын, олжасын ұрлап жейді. Тіпті басқа шағалалардың да балапанына шабуыл жасауға бар.
Шағаланың үлкен және кіші түрі болады. Ең жас тұқымдастарының салмағы 100-150 грам. Ал ең ірі теңіз шағаласы 2 келіге дейін жетеді. Олар отырлық өмір тәртібімен күн кешеді. Бір отарда он мыңнан астам шағала болады.
Бұл құс түрі кез келген материалдан кез келген жерге ұя сала алады. Шөп, бұтақша, қауырсын, тордың қиындысы, консервілі банка, басқа да қоқыс қалдықтары оларға ұя болуға жарай береді.
Олар өте табанды құс.
Олар әлемнің түкпір-түкпірінен, суы бар жердің барлығынан кездеседі. Кей шағалалар судан жырақтау жерге тұрақтайды. Жүзетін жарғақ қанаттары бар болса да, мұхит құсына жатпайды және ешқашан судан тым алыс жаққа бармайды.
Шағаланың ұрғашысы 2-3 жұмыртқа басады. Бір айға жуық еркегі де, ұрғашысы да басып, балапан жасап шығарады. Алда-жалда жұмыртқасына бірдеңе болса, басқа шағалалар жарып жеп қояды не жай ғана су шайып әкетеді. Осы жағдай қайталанса, 3-4 рет қайталап жұмыртқа баса алады. Бұл ұрпақ сақтап қалудың амалы. Жаңа туған шақалақтардың қоңыр шұбар мамығы болады, бұл оларды сыртқы қауіптерден қорғап тұрады. Ұшып үйренбейінше ұяда жатады. Бұл шақта оларды ата-анасы қоректендіреді. Сондықтан он шақта шақалақтан 2-3 шағала ғана аман қалып, өсіп-жетіледі.
@. @assel_assanova