Өмірде шындықты қиялмен шатастырып алатын кездеріміз болады. Тіпті арамызда ойдан шығарылған дерекке сеніп, фактіні жоққа шығарушылар да жоқ емес. Төменде ұсынылатын деректерге сену қиын болса да, тарихи негізі бар шындық болып келеді. Ендеше оқып, өз пайымыңызға салып көріңіз.
1. Ресейдің территориясы Плутонның жер көлемінен де көп.
2. Бегемоттың сүті ашық қызыл түске ие.
3. Аспандағы жұлдыздар саны Жердегі кұмнан да көп.
4. Біз тұтынатын судың негізгі құрамын алғашқы қауымдық құрылысқа дейін динозаврлар да пайдаланған.
5. Әр екі минутта XIX ғасырда алынған барлық фотолардың санымен тең фото түсіріледі.
6. Мысыр билеушісі Клеопатра Хеопс пирамидасынының салыну дәуіріне қарағанда айфондар нарығына жақын өмір сүрген.
7. Барби қуыршағының толық есімі - Барбара Миллисент Робертс.
8. ХVII ғасырға дейін сәбіздің түсі күлгін болған.
9. Әлемдегі ең үлкен сүтқоректі көк киттің жүрегі орташа көлемді (төрт орынды) көлікпен тең. Оның қан артериясынан адам жүзіп өте алады.
10. Аңыздарда кездесетін бір мүйізді ат Шотландияның ұлттық жануары болып табылады.
11. Банан, авокадо және қарбыз жидекке жатады, ал құлпынай жидек емес.
12. Мамонттар Египеттегі Хеопс пирамидасының құрылысы аяқталғаннан кейін мың жыл өтіп, толығымен жойылып кеткен.
13. Егер Күнді қандағы жасуша көлеміне дейін кішірейтсек, «Құс жолы» галактикасы Қытайдың көлемімен бірдей болады.
14. Адам мен бананның ДНҚ-сы 50%-ға дейін бірдей.
15. Аляска АҚШ-тың ең солтүстіктегі, ең батыстағы және ең шығыстағы штаты болып табылады.
17. Плутонның Күнді тұрақты бір орбита бойымен айналуы анықталмағандықтан, ол ғаламшарлар тізімінен алынып тасталды.
18. Балдың жарамдылық мерзімі жоқ. Ол ешқашан жарамсыз қалыпқа енбейді.
19. Сатурн мен Юпитерде алмаз жаңбыры жауады
20. Жердегі әрбір адамға шамамен 1,6 миллион құмырсқа тұра келеді. Ал барлық құмырсқалардың жалпы массасы Жердегі бар адамзаттың салмағымен тең.
21. Сегізаяқтың үш жүрегі болады.
22. Бір стақан судағы атомдар саны барлық мұхит суын стақанмен өлшегендегі санынан көп.
23. Егер жердің ядросына дейін туннель қазып, оған ауыр затты лақтыратын болсақ, ортасына дейін 42 минутта жетеді.
24. Адам ағзасындағы бактериялар жасушалардан он есе көп.
25. Жержаңғақ жаңғақ емес. Ол жерде өсетіндіктен, бұршақ тұқымдас өсімдікке жатады.
Сурет: www.parentmap.com
Оқи отырыңыз:
Еуропадағы ең алғашқы ғарыш айлағы Ұлыбританияда құрылады
Ғалымдар Үлкен дүмпу теориясын жоққа шығаруда
АҚШ-тың әскери спутнигі орбитада жарылып кетті
English Time. Present Simple және Present Continuous шақтарын салыстыру (5-сабақ)