Сегізаяқты шырша

Сегізаяқты шырша

Солтүстік Американың батыс бөлігінде өсетін канадалық шыршаның жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары үшін алатын орны ерекше. Ол Кейп Мерс Нэшнл қорығында орналасқан. Оның бір емес бірнеше діңгекті болуы адамзат үшін үлкен құпия болып табылады. Сегізаяқты шыршаның жасы  - 300 жыл. Шыршаның бұтағы орталық діңгектен өсудің орнына бірнеше кішкентай діңгек болып өскен. Сол себептен жергілікті тұрғындар шыршаның сырт пішініне сәйкес оны сегізаяқ деп атайды.

Сегізаяқ шыршасы Орегон аймағында өте танымал. Оны зерттеуге жер-жерден ғалымдар келеді. Қазіргі уақытқа дейін оның құпиясы ашылмағандықтан, ол ең бір өзекті мәселелердің бірі болып саналады.

Кейбіреулердің пайымдауынша, стихин шыршасы табиғи факторлардың әсерінен жайқалып өскен екен. Мысалы, ауа-райы өзгерісі. Одан бөлек осы туралы тағы бір жорамал кездеседі. Жорамалға сәйкес қорық маңында тұрған үндістер ағашты тор секілді өсіріп, оны қойма ретінде пайдаланған.

Кейп Мерс Нэшнл қорығының белсенділері саябақты сақтап қалғысы келеді. Бүгінде оның жан-жағы дуалмен қоршалған. Ал сыртында ағаштың саябаққа деген маңыздылығы туралы жазылған.

Ұқсас жазба:

Әлемдегі ең әдемі гүлдер

Үндістанда 76 жыл тамақтанбаған қария өмір сүреді

Сурет:faxnews

Н. Нұрмаханұлы