Бүгін 13 ақпан – Бүкіләлемдік радио күні. Радионы А.С.Попов ойлап тапқанын бәріміз білетін болармыз. Ал бұл халықты жақындастыру құрылғысы туралы басқа не білеміз? Біз ұсынған деректерге көз жүгіртіңіз.
1896 жылы ұлы өнертапқыш Александр Степанович Попов алғашқы радиоқабылдағышты жасап шығарды.
Оған дейін де радио жасаушылар болды, бірақ барлығы сәтсіздікке ұшырады. Поповты алғашқы радиограмма жолдаушы деуге болады. Оның мәтіні тек «Генрих Герц» деген екі сөзден тұрды.
«Хакер» деген сөз радионың арқасында пайда болған. Құпия радиобекеттердегі парольді бұзатын адамдар осылай аталған.
Франция еліндегі әйгілі Эйфель мұнарасы радиомен тікелей байланысты. 1889 жылы Бүкіләлемдік көрме кезінде тұрғызылған бұл мұнараны 20 жылдан кейін бөлшектеуді (демонтаж) ұйғарды. Бірақ радио пайда болғаннан кейін Париждегі ең биік мұнараға антенналар орнатылды. Қазір Францияның визит картасына айналған атақты «Эйфель» осылай аман қалды.
Әлемде алғаш радиодан хабарланған саяси жағдай туралы ақпарат 1917 жылғы Қазан төңкерісі болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде америкалықтар хакерлер радио-бағдарламаның кілтін бұзбас үшін қулық ойлап тапты. Ол үшін үндістердің тілін қолданды, олардың тілі аса жат болғаншы соншалық, тіпті түсіну мүмкін емес болды.
1940 жылы Англиядағы футбол матчында қызық оқиға орын алды. Ойын кезінде алаңды тұман басқаны соншалық, радио-комментатор поляның арғы шетін көре алмады. Радионы немістер де тыңдайды. Бұл жағдайды айтса, олар бомба тастайды. Жағдайды ушықтырмас үшін комментатор бір жанкүйерге қарап отырып, ойын мен қорытындыны ойдан құрастырды.
Басқа ақпарат құралдарына қарағанда радиода жарнама жақсы сапада жазылады әрі эфирден жақсы естіледі.
Bestradio.fm порталының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы радиолардың рейтингі:
1. Дала FM
2. АвтоРадио KZ
3. Radio NS
4. Жұлдыз ФМ
5. Tengri FM Қазақстан
6. Энерджи ФМ
7. Радио КН
8. Шалқар радиосы
9. Радио ТЕКС
10. БұлБұл Радио