Аты әлемге әйгілі Пиза мұнарасы Италияның Пиза қаласында бой көтерген. Расында оған әлемдік танымалдықты оның дөңес қалыбы алып берген. Жобаны жүзеге асырушының кім екені белгісіз. Ал ғимаратты көтеруге атсалысқан сәулетшілер Боннано Пизано және Вильгельм фон Иннсбрук есімді мамандар болған.
Мұнараны салуға көп жылдар кеткен. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары 1173 жылдан 1360 жылға дейін жалғасқан. Тарихи деректер оның әдейі дөңес кейіпте салынғанын дәйектейді. Бірақ жергілікті тұрғындар бұл сәулетшілердің қателігі деп есептейді. Пиза мұнарасы туралы осы сынды қызық деректермен таныс болайық:
- Мұнараның салмағы – 14 454 тонна.
- Мұнараның 8 қабаты бар.
- Мұнарада музыкалық гамманы құрайтын жеті қоңырау орнатылған. Пиза орта ғасыр кезеңінде қоңыраулар мұнарасы деп те аталған.
- Пиза мұнарасы жыл сайын 7-10 миллиметрге қисаяды.
- Бүгінде мұнара тек италиялықтардың емес, әлемдік деңгейдегі сәулет өнерінің мәңгі мұрасы саналады. Көптеген адамдар мұнараны жеке сәулет нысаны деп біледі. Расында бұл Санта-Мария Ассунта соборының бір бөлігі.
- Белгілі ғалым Галилео Галилей Пиза қаласында дүниеге келген және Пиза мұнарасын өз тәжіриебелерінде қолданған.
- АҚШ-тың Чикаго қаласында Пиза мұнарасының кіші көшірмесі салынған. Америкалық нұсқа су тарту қызметін атқаратын сәулет нысаны ретінде салынған.
- Көптеген туристер мұнараны көру үшін шетел асып келеді. Оның ішін тамашалау құны – 10 еуро.