Өзі соқтыққан адамнан қорғану үшін ғана айбат шегетін, жай жүрген кісіге қауіп төндірмейтін жолбарыс жаратылысын адамдар өмірінде көрмесе де жақсы көреді. Олар туралы қызықты деректерге қаныға түсейік.
Жолбарыс сөзі гректің «tigri» деген, түбірі «taig» сөзінен туған, өткір, мықты, жылдам деген мағына береді.
Лигр деген не екенін білесіз бе? Ол жолбарыс пен арыстанды шағылыстырып алынған жануар. Атауы да «Tiger» («тигр») және «Lion» («Лев») сөздерінің қосындысынан шыққан.
Жолбарыстар қараңғыда адамнан алты есе анық көреді.
Олар басқа жануарларға ырылдамайды. Бірақ ырылдау арқылы өзге жолбарыстармен алыстан араласа алады. Ал басқа аңдарға шабуыл жасар кезде ысылдап, айбат шегеді.
Жолбарыстың маңдайындағы жолақ сызығы қытайлар иероглифіндегі «Патша» мағынасына сәйкес келеді.
Бенгалиялық жолбарыстың азу тісі 10 сантиметр.
Барыстар табиғатта еркіндікте де, тұтқында да (адам қолында) 25 жылға жуық өмір сүреді. Жер бетінде жабайы табиғатта 3500 барыс қана бар, қалғаны қолда өсіріледі.
Мысық тұқымдас жануарлар ішінде жолбарыстың айырмашылығы суды өте жақсы көреді. Суда жақсы жүзеді, өзенді түгел кешіп өте алады. Жай ғана жан рахаты үшін суда жүзіп, ойнауды да ұнатады.
Әлемдегі ең үлкен тағы мысық – уссурийлік жолбарыс. Оның ұзындығы 3,6 метр, салмағы 317 килограмға дейін жетеді.
Өлекшін (ұрғашы жолбарыс) жылына 4-5 күнде ғана ұрықтануға қабілетті, 3 айға созылған жүктіліктен кейін, 2-3 шөнжік (баласы) дүниеге әкеледі.
Сарымақтар (баласы) туғаннан кейін бір апта бойы су қараңғы соқыр болады. Олардың жартысы есейіп үлгермей, өмірімен қоштасады.
Жолбарыстар жалғыз басты жануар. Тек аналығы (өлекшін) ғана мәулендер (баласы) жетіліп кеткенше жанында болады.
Адамның саусақ ізі сияқты жолбарыстардың дауысы да бір біріне мүлде ұқсамайды.