- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Оттық қашан пайда...
Оттық қашан пайда болды?
Естеріңізде болса, сіздерге ХІХ ғасырдың басында ағылшын өнер тапқышы Джон Уолкердің дүниеге cіріңкені қалай алып келгендігі туралы азды-көпті ақпарат берген болатынбыз. "Қолданыстағы заттарымыз қалай пайда болды және оны кім ойлап тапты екен?" деген сауалдар баршамызды мазалайтыны анық. Осыған орай, біз бүгін оттықтың қалай пайда болғандығы жайында сөз етеміз.
Бұл туындыны сіріңкеге дейін 4 жыл бұрын неміс химигі Иоганн Вольфган Дёберейнер 1823 жылы ойлап тапқан. Ол мырыш пен күкірт қышқылы қосылып, су тегінің бөлінуі және кремний орнына ұсақ бөлшектенген ақ алтын мен оның химиялық қасиеттері реакциясының негізінде жасалған. Мұндай оттықтардың күшті жарылысқа икемді болу себебінен, кейін спирт керосин, бензинге әр түрлі материалдардан ұшқын шашырайтындай қылып алмастырған. Оттықты газ толтырады, заманауи оттықтарды жасауда кремний қолданылмайды, бірақ кремний деп отырған элементіміз магний, темір, мыс, церий, лантаннан тұрады екен.
1829 жылға қарай оттықтың 20000 түрі шығарылған. Әйткенмен, бұл шақпақтарды қазіргі күні пайдалануға рұқсат жоқ болар еді, өйткені олар өте қауіпті болатын. Он тоғызыншы ғасырда оттықтың басқа түрлері пайда бола бастады. Көпшілігінде шақпақты дөңгелекшеге үйкелеу нәтижесінде пайда болған. Оттықтың алауы сіріңкеге қарағанда айтарлықтай көрінбейді, сол себепті, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде көптептеп шығарылған.
Сурет: top1walls.com, dic.academic.ru, ru.wikipedia.org.
Е. Жұмабайұлы