- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- «Нирвана» деген не?...
«Нирвана» деген не?
Бүкіл әлемдегі ғылымның негізі саналатын «Философия» ғалымдарды әлі күнге дейін ойландырып келеді. Өйткені философия адамның ақылы және ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Ал мың құбылатын ойдың, ақылдың, сананың шегін табу, оған зерттеу жасау, адам шеберханасын тану өте қиын. Тіпті мәңгілік зерттеуді талап ететін нәрсе.
Философия ғылымының үлкен бір саласы адам жанын, оның тыныштығын зерделеу. Осы жолда Шығыс философиясы, соның ішінде Үнді пәлсапасында кездесетін көптеген философиялық термин сөздер бар. Ең жиі еститініміз, сөз арасында қолданысқа түсетіні «нирвана» сөзі.
«Нирвана» деген...
Үнді философиясы былай дейді: «Нирвана – адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жай ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тию жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру». Бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Нирвана – «жоғалу», «сөну» деген мағынаны білдіретін, логика мен уақытқа бағынбайтын, адам баласының ең жоғары абсолюттік деңгейге жету үдерісі.
Адам баласының жан дүние тыныштығы, ішкі әлеммен келісім табуы – нирвана. Терминнің құндылығы үнді ғана емес, жалпы философия ғылымында зор сұранысқа ие, адамның сезіну, байып табу қасиеттеріне жетелеуші күш.