Жануарлардың көбі өсімдікпен қоректенетінін жақсы білеміз. Алайда тиін сияқты жануарлар қыс мезгіліне тағам қорын сақтамайды, ал суық түскенде өсімдіктердің бәрі солып қалады.
Жануарлар жаз бойы ағзасына қажетті май қорын жинайды да суық түскенде, яғни көп уақыт бойы аш жүруге мәжбүр болғанда, індерінің ең түбіне кіріп ұйқыға кетеді. Мазасын ешкім алмаса, жануарлар, осылай қыс бойы ұйықтайды. Бұл мезгілде жануарлар мүлде қоректенбейді, жаз бойы жинаған майдың арқасында өмір сүреді.
Дәл осы май жануарларға өмір сүруге қажетті қуатпен қамтамасыз етеді.
Аю сияқты сүтқоректілер шын мәнінде ұзақ ұйқыға кетпейді. Иә, қыста олар жазға қарағанда көп ұйықтайды, алайда бұны ұзақ, терең ұйқы деуге келмес. Қыстың жылы және шуақты күндерінде, аю, тиін, ала тышқан сияқты кейбір жануарлар оянып, індерінен шығады.
Ұзақ ұйқыға кету дегеніміз мелшиіп қатып қалуға ұқсас және қарапайым ұйқымен еш байланысы жоқ. Қыста нағыз ұзақ ұйқыға кететін кірпі немесе қарақас тышқан сияқты сүтқоректілерде бұл уақытта түпкілікті физиологиялық өзгерістер жүріп жатады. Осының арқасында олар ұзақ уақыт ашығып жата береді.
Жануарлардың дене температурасы нөлге дейін түсіп кетеді, қан қысымы төмендейді, баяу және жүйесіз тыныстайды, ал жүректері минутына бірнеше рет қана сирек соғады. Көптеген эндокринді бездер ұзақ ұйқы кезінде толықтай өз жұмысын тоқтатады.
Ұзақ ұйқыға кететін жануарлар жаз бойы ағзасына жинаған қуат қорын өте баяу жұмсайды. Алайда, олар аз тамақтанатындықтан оттегіге аса зәру емес, ал бұл өз кезегінде жануардың тыныстауы мен жүрек соғысын баяулатады.
Егер апандағы температура тым түсіп кетсе, ұзақ ұйқыға кеткен жануар оянып, өзін тереңірек көміп қайта ұйқыға кетеді. Ұйқының ұзақтығы сыртқы факторларға – ауа температурасына байланысты, суық күндер ұзақ сақталса, ұйқылары да ұзаққа созылады.
Жауын құрт, бақа, жылан, балық сияқты жылықанды емес жануарлар да ұйқыға кетеді. Мысалы, жауын құрттар жердің суық қабатынан тереңге кіріп кетеді, жыландар жер апандарға немесе тауда түзілген жарықшақтарға, бақалар су қойманың түбіндегі балшыққа тығылады, тұқы сияқты балықтар ең түбінде ұйықтайды. Тіпті тастың немесе бөрененің астына тығылып ұзақ ұйқыға кететін жануарлар да болады.
Көктем келе салысымен, ауа температурасының ауытқуы, иістер, ашығу сезімі ұзақ ұйқыда жатқан жануарларды оятады. Көктемде бұл қалыптан шығу үшін жануарларға бірнеше сағат қажет болады.