Мысықты көбінесе қыздар қауымы өте жақсы көреді. Кейбіреулер ауруға шипа беруге сеп болады деп сенеді. Оны арамдығы басым деп жақтырмайтындар да бар. Қазақта мысық жүрген үйде тышқан болмайды деген түсінік бар. Ендеше мысық туралы бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.
Мысықтардың еркегі солақай, ұрғашысы оңқай болады.
Мысық өз иесінде инсульт, инфаркт аурулары болу мүмкіндігін үштен бір деңгейге түсіреді екен.
Авраам Линкольн Ақ үйінде төрт мысық ұстаған.
Мысық асырайтын жігіттер махаббатта өзін бақыттырақ сезінеді.
Олар үйіне жету үшін қанша шақырым болса да жүріп өтуге бар.
Шотландияда Таузер есімді мысыққа ескерткіш орнатылған. Ол өмірінде 30 мыңға жуық тышқан аулаған.
Мысықтар тәтті дәмді сезбейді екен.
Олардың көзі қараңғыда жақсы көреді, бірақ түстерді ажырата алмайды.
Мысық асырайтын адамдардың 17%-ының ғылыми дәрежесі болады.
Ямайкалық жеңіл атлетші Усэйн Болт жүгіруден 8 рет әлемдік рекорд орнатқан болса, үй мысығы одан да тез жүгіреді.
Мысықтар өмірінің 70%-ын ұйқымен өткізеді.
Ол 100-ден астам дауыс шығара алады. Тамақ жегісі келсе мияулағаны баланың дауысына ұқсап шығады.
1894 жылы таспаға түсірілген ең ескі видео. Мысықтардың боксы.
Дасти есімді мысық өз өмірінде 420 мысықты дүниеге әкеліп рекорд орнатқан.
Әлемде 230 метр биіктіктен құлап аман қалған мысық бар.
Әр мысықтың мұрнының асты әртүрлі болады, адамдардағы саусақ ізі секілді ешқайсысы бір-біріне ұқсамайды.
Олар үстінен адамның иісі шығып кетпеуі үшін жаланып тазаланады.
Мысықтардың алдыңғы аяғында бес, артқы аяғында төрт тырнақ болады. Одан көп, алты тырнақты болса, "Хемингуэй мысығы" деп аталады, себебі ол алты тырнақты мысықтарды өте жақсы көретін болған.
Егер мысық нәжісін беті ашық күйінде қалдырып кетсе, ол иесінен қорықпайтынын білдірген агрессияның белгісі.