Мысықтың пырылдауы өзге жануарлардың дауыс шығаруына қарағанда өзгеше. Ол дем шығарып, дем алғанда пайда болады. Бұрындары ғалымдар бұл дауыс қан айналымы әсерінен болды деп сендірген еді. Ал қазір ғалымдар мысықтардың пырылы тек көмей, көмей бұлшық еттері және тербеліс заңының қатысуынан пайда болатынын дәлелдеген.
Бала мысықтар туылғаныннан кейін, екі күннен соң пырылдай бастайды. Жануарлар дәрігерлерінің пайымдауынша, олардың пырылдауы анасымен қарым-қатынасын көрсетеді екен. «Мама», «мен жақсымын», «мен мұндамын» сынды адамға тән сөздердің бейнесі секілді. Ал бала мысық өскенде, қуанғанда немесе рахаттанғанда да пырылдайды. Тіпті кейде мысықтар жарақат алғанда не ауырғанда пырылдап жатады. Дәрігер Элизабет фон Муггенталердің айтуына қарағанда, пырылдау мысықты сырқатынан айықтырады. Бұл табиғи өзін-өзін емдеу механизмі жарақатты емдеп, ауырсынғанды жояды.
Мысықтардың осындай дауыс шығаруы барлық мысықтұқымдасқа тән емес. Гепард, пума, сілеусін сияқты түрлері бұл қасиетке ие болғанымен, арыстан, леопард, ягуар, жолбарыс, қар барысы секілді үлкен мысықтұқымдастары мүлдем пырылдай алмайды.
Сурет: catsnnov.ru, kotyata.net