Әлемде шалқып өмір сүріп жатқан байлардың қатары көп. Олардың кейбірі шық бермес Шығайбайдай сараңдығымен танымал болса, екінші біреулері кеңдігімен, шашпалығымен даралана түседі. Біз сөз еткелі отырған миллиардер Роман Абрамович мейрамханадағы ең қымбат кешкі асты ішіп, өзінің екінші кезектегі байлардың қатарына жататын дәлелдеді. Сәл ертеректе болған бұл оқиғаны тағы бір еске алып өтсек.
Нью-Йорктегі Nello’s мейрамханасында Роман Абрамович ең қымбат кешкі ас ішіп, рекорд орнатады. Танымал бизнесмен бүгінгі әйелі Дарья Жуковамен іскерлік кездесу үшін мейрамханаға отырады. Мейрамхана қожайынының айтуы бойынша, бұл жерден келушілер ешқашан үзілмеген көрінеді. Қонақтар үшін мейрамхананың қымбат бағасы емес, қызмет көрсету сапасы маңызды болған.
Осылайша, Роман Абрамовичтің кешкі асы $ 47.221.09 қаржыны құрап, рекордтық баға көрсеткен. Кешкі астың уақыты 1 сағат 18 минутқа созылған. «Мәрт мырза» кетерінде даяшылар үшін $ 5000 ақша қалдырған екен.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
Сурет: mirfactov.ru