- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Марста мұхит болғаны...
Марста мұхит болғаны анықталды
NASA ғалымдары Марсқа жасаған 6 жылдық зерттеулерінен кейін онда мұхит болған деген тұжырымға келіп отыр. Зерттеу нәтижелері Science журналында жарияланды, деп жазады 24.kz.
Қызыл ғаламшардағы мұхит көлемі Жердегі Солтүстік мұзды мұхитпен шамалас екені анықталды. Егер Марста мұхит болғандығы туралы ақпарат шынымен расталатын болса, зерттеушілер үшін ондағы ежелгі тіршілік көзін танып-білуге мол мүмкіндік сыйламақ. Алайда америкалық өзге сарапшылар болса әзірге қандай да бір асығыс тұжырым жасауға әлі ерте екенін айтады. Жалпы NASA-ның талай жылдан бері Марсты зерттеуді мықтап қолға алғаны белгілі. Ғарыш агенттігінің алдағы 10 жыл көлемінде қызыл ғаламшарға адам жөнелту жоспарында бар.
сурет: mobilmusic.ru
Е. Қайрахан