"Қызыл шаяндар" өрісі туралы біле жүріңіз

Рождество аралы (Christmas Island ) –  көлемі  135 шаршы шақырым болатын, жанартаулы аймақ. Арал 1643 жылы Рождество (Иса жөніндегі аңызға сәйкес оның туған күнін қастерлеп құлшылық етуге арналған христиандардың басты мейрамдарының бірі) күні ашылған. Сол себепті осы есімді иеленген. Ол қазір Австралия мемлекетінің қарамағында. Рождество аралы Үнді мұхитында орналасқан.

Аралдың басты қонақжайлығы ретінде жыл сайынғы 100 миллиондаған қызыл түсті теңіз шаянының өрісін (Gecarcoidea natalis) тілге тиек етуге болады. Шаяндар күйттеу кезеңінде, яғни қазан мен қаңтар айларында жаңбырлы орманнан Үнді мұхиты жағалауына ұзақ жол жүреді. Ерекшелігі де осы, қызыл шаяндар бүкіл аралды қызыл түске бояйды.

Өріс уақытын айтып болжау қиын, барлығы ауа-райы еншісінде. Ылғалды мезгіл олар үшін ең қолайлы сәт.  Шаяндар мұхит жағалауына 18 күнде жетеді. Шаяндардың дене-пішіні айтарлықтай үлкен емес, небары 20 сантиметр. Құрғақшылық туғанда өздерінің паналарын тұрақтап, ылғалды күндері кеш түсе бере азығын іздеуге кіріседі.

Жылма-жыл көп аяқты өсімдіккоректі жануар көп шақырымды саяхатты басынан өткереді. Ал басқа кездері шаяндар 10 минуттан артық ілгері жылжи алмайды.

Бристол мен Бангора (Bangor University) университеттерінің биолог мамандары шаянның  Gecarcoidea natalis деп аталатын түрінің не себептен кенет күйттеу кезіңде осындай тәуекелге баратындығын анықтаған. Зерттеу жұмыстары үш жылға созылған. Зерттеу қорытындысы шаяндарда күйттеу уақытында белгілі бір гормонның деңгейі (crustacean hyperglycaemic hormone) жоғарылап кететіндігін көрсеткен. Осы гормонның теңіз шаянының белсенділігін бірден арттырып жіберетіндігі дәлелденді.

Journal of Experimental Biology атты мақалада ғалымдардың көзқарасы келтіріп отыр: «Гормон шаян бұлшық етіне дәрумен беріп, күш қуат сыйлайды».

Көші-қон кезінде жылма-жыл көлік астында жеті жүз мыңнан бір миллионға дейін шаян өледі. Осыған орай үкімет басшылары шаяндардың қырылуын шектеу мақсатында арнайы жол тораптарын қарастырып қойған. Дәл мезгілі туғанда жолға ескерту тақтайшалары орнатылады.

Шаяндар құзға жақсы өрмелейді. Тепе-теңдікті сақтай отырып, жартас пен үй қабырғасына еркін шығады.

Қызыл шаяндар мықты – санитар. Жер аудару кезінде жолдағы жарамсыз жеміс-жидек, сарғайған гүл, шірімейтін құлақ құрышы, шірік құс еттері секілді қалдықтар есебінен пайда болған заттарды лезде жей салады. Сол себепті арал өте жинақы, таза қалпын сақтап отырады.

Gecarcoidea natalis қызыл шаянынан бөлек аралда қысқыштың тағы 15 түрі бар. Пальма ұрлықшысы немесе кокос шаянының ұзындығы 40 сантиметр, ал салмағы 4 келі болады. Аты мен затына сәйкес шаян кокос жаңғағын жарып жейді.

Оқи отырыңыз:

Цеце шыбыны туралы не білесіз?

Жыландар топтастығы барын білесіз бе?

Балық аулап жейтін өрмекші туралы білесіз бе?

Жануарлар туралы біз білмейтін 10 таңғажайып дерек

Аптаның үздік фотолары: Мұхит түбінде түсірілген фотолар

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:lifeglobe.net,trasyy.livejournal.com,sergey-gora.livejournal.com