Қыс – климаттық жағдайғаларға байланысты келетін мезгіл. Бұл мезгілдің ең кереметі жауған қарында. Аппақ қар әлемді мамық көрпеге орағанда жер жүзі құлпырып сала береді. Дегенмен бұл қардың да, осы мезгілдің де, қар қиыршықтарының да қызықтары бар екен. Бірге оқиық.
1. Мың жылдар бойына жасалған зерттеу нәтижесінде ғалымдарды таң қалдырған жаңалық: жер бетіне жауған әрбір қар қиыршығының ұқсасы да, егізі де жоқ. Тіпті бір-біріне ұқсас екі түйір қар қиыршығы да болмайды екен. Әрбір қиыршық өзіне тән кескінімен ерекшеленді.
2. Білесіз бе, әлемде «Халықаралық қар және мұз кеңесі» бар. Кеңестің зерттеуі бойынша қар қиыршықтары жеті түрге бөлінеді:
1) Жұлдызды қиыршықтар
2) Ине тәрізді
3) Таяқшалар тәрізді
4) Жүзуге арналған аяқ киімнің үлгісіндегі түрі
5) Дендрит кеңестігі
6) Шашыраңқы орналасқан таяқшалар тәрізді
7) Құрлымы әртүрлі қиыршық
3. Эскимостар қар қиыршығын сипаттауда 24 түрлі сөзді пайдаланды. Ал Саамдықтар 41 түрлі сөзбен суреттейді екен.
4. Таудан құлаған қар көшкіні поездың жылдамдығымен бірдей деңгейде көшеді. Ал ірілеу әрі салмағы басым қар көшкіні «Формула-1» жарысындағы көліктердің жылдамдығымен сәйкес.
5. Әлемдегі ең үлкен қар қиыршығын ұстап қана қоймай оны өлшеген. Оның диаметрі 12 см-ді құраған.
6. 1944 жылы 30 сәуірде Мәскеуде ерекше жағдай орын алған. Онда жауған қар қиыршықтарының үлкендігі адамның алақанымен бірдей болған.
7. Қар қиыршықтары «әндетеді». Бұл оның жауған кездегі жылдамдығынан туындайтын әуен. Бірақ дыбыс адам баласына естілмейді.
8. Тағы бір қызықты дерек, әлемдегі адамдардың тең жартысы қарды әлі көрмеген.