Күннің температурасы Фаренгейт шкаласымен есептегенде 12 000 градус көрсетеді.
Қызыл жұлдыз атанған Марс ғаламшарында күннің батуы қою көк (синий) түсті боп көрінеді.
Егер күнге көз алмай ұзақ қарап тұра берсеңіз, көзіңіз күйіп қалады.
Күннің тартылыс күші Жер ғаламшарына қарағанда 28 есе көп. Мысалы жерде тұрғанда 50 кг болатын адамның салмағы Күн ғаламшарында 1400 келі тартады.
Егер күннің үлкендігін футбол добындай дейтін болсақ, Юпитер көлемі гольф добындай, ал олармен салыстырғанда Жер шарының үлкендігі небары бұршақ сияқты ғана болады.
Күннің толық тұтылуы ары кетсе 7 минут 40 секунд уақытқа созылады.
Бізге күн сары болып көрінгенімен, негізінен оның түсі ақ.
Күн көзі бактериялар мен зиянкестерді жояды, ультрафиолет терінің иммунитетін күшейтіп, зат алмасу процесін үдетеді,
Күн сәулесі бақыт гормонын бөледі. Шуақты күн астында серуендеп, әр күннен бақыт табуға ерінбеңіз.