- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Көріп жүрген дүниелердің...
Көріп жүрген дүниелердің негізгі атауы
Айналада үнемі көріп, біліп жүрген заттар мен құбылыстар өте көп. Бірақ кейбірінің атауын біріміз білсек, біріміз білмеуіміз мүмкін. Сондай атауларды бөлісуді жөн көрдік. Бұған дейін білген бе едіңіз?
Эфа
Скрипканың шанағынан f әрпіне ұқсайтын ойықты байқаған боларсыздар. Бұл сәндік үшін емес, дыбыс толқынын таратуға арналған ойынды. Қазақтың қара домбырасының үндігі секілді қызмет атқарады. Ол эфа деп аталады.
Борборигмус
Ішімізден естілетін дыбыс. Ішкі құрылыста, ішек бойында қозғалған газдардың әсерінен туындайтын дыбыс. Бұл процесс ішек құрылысымызда үнемі жүреді, тек аш болсақ, газ "бос" ішекте жүрген соң, даусы қаттырақ естіліп кетеді.
Карункула
Бұл өрмекшінің бір түрі емес. Бұл көздің ішкі бұрышындағы ет. Ашық қызғылт реңкті ет арасында ісіп тұруы мүмкін.
Мононим
Бір адамның толық аты-жөні бір ғана сөзден тұрса, бұны мононим деп атайды. Мысалы, Аристотель немесе Вольтер, Стинг, Мадонна.
Октоторп
Бұл символды ауызекі сөйлеуде "тор" (решетка) не "тор көз", "хэш" деп атап кеткенбіз. Алайда оның үкілеп таққан атауы бар – октоторп. Октоторп атауы 1970 жылдары берілген, ал символдың өзі XVII ғасырдың жазба деректерінде байқалады.
Мондегрин
Мондегрин дегеніміз – бір сөзді басқаша есту. Әсіресе, телефонмен сөйлескенде не ән тыңдағанда мондегрин туындауы мүмкін. Мәселен, "Boys N the hood" – "пойызыңды қу".
Тантамареска
"Тантамареска" – француз сөзі. Бұл адам бетінің формасы ойылған, суретке түсуге арналған стенд.
Фриссон
Фриссон сөзі де француз тілінен аударғанда "тітіркену" деген мағынаны береді. Адам бір заттан не құбылыстан эстетикалық ләззат не әсер алғанда денесі тітіркенуі мүмкін. Сол әсерге "фриссон" деп атау берген.
Г. Берік