Біздің бүгінгі қоғамда көпшілігі түсіне бермейтін, тек белгілі бір адамдар ғана қолданатын сөздер баршылық. Мәселен, "экивоки" сөзі. Экивоки – екімағыналы ишаралар, айғақтар дегенді білдіреді екен. Сол секілді бірнеше сөздің мағынасын түсініп, сөздік қорыңызға қоссаңыз артық етпейді.
1. Фрик – əлеуметтік стереотиптерге қарсы, дүниетанымы бөлек, сырт келбеті экстравагантты, өзгеше, жарқын тұлға.
2. Экивоки – екімағыналы ишаралар, айғақтар.
3. Тролль – ғаламторда арандатушылық əрекеттер жасайтын бейне.
4. Девиант – қалыпқа сай келмейтін адам.
5. Катарсис – қатты уайымнан кейін өзгеретін түсінік (сана).
6. Атара́ксия – жан тыныштығы, сабырлылық, ақылдылық.
7. Идеолатрия – өзін-өзі жақсы көру, өз-өзіне табыну.
8. Депривация – өзін қанағаттандыратын қажеттіліктердің жеткіліксіздігін сезіну.
9. Амок – кенеттен туындайтын психикалық бұзылу.
10. Фрустрация – өмірден түңілу кезеңі.
11. Палинфразия – тілдегі нақты сөздер мен фразалардың жиі қайталануы.
12. Антимония – бос сөз, жай əңгіме.
13. Гаптофобия – басқа адамдарға жақындауға деген қорқыныш.
14. Моджо — бастапқы мағынасы: бақыт пен сəттілік əкелетін африкалық сиқырлы тұмар, қазіргі мəдениетте бұл сөз жұмсауға болатын ерекше дарындылық сияқты позитивті жағдай дегенді түсіндіреді.
15. Фетиш – ой елегінен өтпеген, соқыр табынушылық объектісі.
16. Дистиния – ұнжырғасы түскен, сағынған көңіл-күй.
17. Гештальт – психиканың алғашқы негіздері немесе қандай да бір толық білім арқылы көрінетін пішін не образ.
18. Сентенция – насихат, уағыз.
19. Цугцванг – шахмат ойынындағы ойыншының жеңілісіне əкелетін мəжбүрлі ходы. Кең мағынада алсақ, тек жағдайды қиындататын түрлі іс-əрекет.
20. Фриссон – дененің тітіркенуі.
21. "Баспалдақ (сатылы) ақыл" – пікірталас аяқталғаннан кейін санаға оралатын сəтті аргумент.
22. Текстроверт – өз сезімін көзбе-көз айтқаннан гөрі, смс арқылы жеткізуі оңай адам.
23. Глоссофобия – ел алдында сөз сөйлеуге (өнер көрсетуге) қорқу.
24. Верификация – теорияны практика арқылы немесе сəйкестігін білу үшін жай ғана тексеру.
25. Эпатаж – əдейі, қасақана, жорта.