- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Көп жыл бойы...
Көп жыл бойы жауабы табылмаған бір сұрақ
Фото:
vk.com
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың есімі көпке таныс. Ісі мен сөзі қабысқан ағамыз әлеуметтік желідегі парақшасына көп жыл бойы бір сұраққа жауап таба алмай жүргенін жазып, оқырмандарына сауал тастаған екен. Бәлкім бұл сұрақтың жауабын сіз білерсіз? Жазбаға назар салайық.
Он шақты жыл бойы жауап таба алмай жүрген бір сұрағым бар: Қаншама адамды көрдім, жоқшылыққа, үйсіздікке көнеді, тек басын істетпесе болды.
Жолын көріп, біліп тұрып істемейді. Басқалардың үйреніп, істеп жатқанын көре тұра істемейді. Артында үлкен білім, табыс бар екенін біле тұра, біраз басын істетіп оқыса, үйренсе, оның да табысты болатынын біле тұра істемейді, үйренбейді.
Осының сыры неде?
Қалай мәжбүрлесе болады?
Сіз қалай ойлайсыз, оқырман?
М. Оңғарова