Жыртқыш өсімдіктермен танысыңыз

Жыртқыш өсімдіктермен танысыңыз

Адамдар «жыртқыш» сөзін ести бергенде бірден жыртқыш аңын елестетеді. Бұл дұрыс емес. Сіз аңнан бөлек жыртқыш өсімдіктердің болатынынан хабардарсыз ба? Егер білмеген болсаңыз, таныса отырыңыз...

Жыртқыш өсімдік – өздерінің арнайы қармауышымен азық аулап, жәндіктер мен ұсақ сүтқоректі жануарлармен қоректеніп, тіршілік ететін өсімдіктің бір түрі. Олардың негізгі тамағы жәндік болған соң, жәндік деп те атала береді. Бұлар жыртқыш өсімдіктер ішінде сулы және жартылай сулы деп екіге бөлінеді. Мұндай өсімдіктің ұстап алу қақпандары болады.

Мысалы, төбесі пластикалық жапырақпен қапталған жартылай құманды қарастырайық. Бұл өсімдік азық құрбанын өзіне тарту үшін арнайы нектар иісін бөліп, ашық түсті келбетімен жәндікті өзіне тартады. Қақпанға түскен жәндік шыға алмай жан тапсырады. Ал өсімдік болса, оны майда бөлшектерге айналдырып, ерітінді күйінде жұта салады. Өсімдіктің қақпаны жапа шегушіні торға түскен кезінде автоматты түрде ұстап алады.

Венериналық шыбын жегіштердің жапырақтары екі жақты тістері бар қақпақтан тұрады. Құрбандық қақпанға жақындаған сәтінде жапырағы жайлап тарқап ашыла бастайды. Шыбын қақпанға түскенде бүктеліп жинақталады. Біршама уақыттан соң, олжа уысқа қалай түскенін білмей құрбан болады. Келесі бір түрінің құрлымы басқаша. Шым жыртқышты жапырағының жоғарғы бетінде қармауыш тетігі бар. Азық қолға түскенде жапырақтың жан-жағы иіріліп, тұп-тура орта беткейіне келе бергенде сарт етіп жабылады.

Саррацения (Sarracenia)


Саррацения немесе Солтүстік-америкалық жәндік жегіш өсімдігінің жыртқыштық қасиеті бар. Ол Солтүстік Американың шығыс жағалау ауданында, Техас, Ұлы өзен, Оңтүстік-Шығыс Канада жерінде кездеседі. Ерекшелігі жоғарғы беті өте сырғанақ және уында наркотикалық бөлшектер бар.

Непентес (Nepenthes)


Непентес – тропикалық жыртқыш өсімдік. Олар Қытай, Малайзия, Индонезия, Мадагаскар аралында жолығады. Көлемі өте үлкен биіктігі 10-15 метрге жетеді. Қақпанының төменгі жағында темір бөлшегі бар. Өсімдік егеуқұйрық секілді сүт қоректі жануарларын жей береді.

Калифорниялық дарлингтония(Darlingtonia Californica) 


Калифорниялық дарлингтония – өте сирек кездесетін өсімдік. Ол Солтүстік Калифорния мен Орегонада мекендейді. Олар батпақты аймақта, мұздай су бөктерлерінде өседі. Басқа жыртқыш өсімдіктерімен салыстырғанда дарлингтонияда қағып алушы жапырақ жоқ. Оның орнына теңіз шаянына ұқсас қысқыш арқылы аулайды.

Оқи отырыңыз:

Күркетауық неге ренжулі?

Балдыр туралы қызықты ақпараттар

Амазонкада көрінбейтін көбелек өмір сүреді

Әлемдегі ең ұзын қырықаяқтың уы адам өлтіреді

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:subscribe.ru,infoniac

 

Н. Нұрмаханұлы