- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Жердің ядросын алғаш...
Жердің ядросын алғаш зерттеген адам
Дат ғалымы Инге Леманн өзінің P' мақаласында сейсмикалық толқындарға қатысты зерттеуін нақты талдап, Жердің ішкі ядросы бар екенін жариялайды. Ол осы жаңалығы арқылы геодезия ғылымының дамуына өз үлесін қосады.
Инге Леманн 1888 жылы Данияның астанасы Копенгаген қаласында дүниеге келеді. Әкесі Альвред Леманн атақты психолог болған. Лондондағы корольдік қоғамның болашақ ғалымы Ханна Адлер (Нильс Бор әпкесі) басшылық еткен орта мектепте білім алады. ХХ ғасыр мемуарларында Ханна Адлер мен Альфред Леманндардың ғалымның қалыптасуына зор ықпал еткен тұлғалар болғанын жазылады. Инге математикалық білімін Копенгаген және Кембридж университеттерінде жетілдіреді. Кейіннен Дания геодезия институтында сейсмология бөлімінің жауапты басшысы болып қызмет атқарады.
Нақты сейсмология саласында еңбек етуі жаңа зерттеулерге итермелейді. Инге Леманн Бено Гутенберг, Чарльз Фрэнсис Рихтер және Гарольд Джеффрис есімді сейсмологтармен бірігіп, жер сілкінісінің көмегімен Жердің ішкі құрылымын зерттеуге тырысады. Ал екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Дания оккупациясы оның ғылыми жұмыстарының барысына кедергі болады.
Бар ғұмырын сейсмологияға арнаған ғалым 1953 жылы зейнетке шығып, АҚШ-қа көшеді. Дегенмен, Америка құрлығында да зейнетін көрмей, Жер қыртысы мен сыртқы мантия құрылымдарын зерттеумен айналысады. Нәтижеде 250 шақырым тереңдікте сейсмикалық айлақтың бар екенін анықтайды. Кейіннен бұл айлақ «Леманн шекарасы» деп аталып кетеді.
Инге Леманн өзінің ғылыми жаңалықтары үшін көптеген атақ-дәрежеге ие болған. Атап айтқанда, АҚШ-тағы Колумбия университеті (1964 жыл) мен Даниядағы Копенгаген университетінің (1968 жыл) құрметті ғылым докторы атанады. Одан бөлек, бірталай ғылым ордасының мүшесі болады.
Ұқсас жазбалар:
Қазақстандық ғалым мұнай ластануынан құтылудың жолын тапты
әл-Фарабидің ең алғаш қазақ екенін дәлелдеген ғалым кім?
Ж. Өрісбай